978

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына екі жылда 75,5 мың адам жүгінді

Екі жыл бұрын, яғни 2019 жылдың тамызында ел Президентінің тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтанда пилоттық режимде "Жанұя" отбасы институтын қолдайтын алғашқы орталық ашылды. Жоба қала тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Жанұя" орталығы жұмысының басты мақсаты – өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір отбасыға жан-жақты көмек көрсету, отбасы институтын дамыту және нығайту. Жобаның алғашқы жылында жақсы нәтиже көрсетілді, қала тұрғындары оң пікірлер қалдырды және оның әлеуметтік маңыздылығын атап өтті. 2020 жылдың мамыр айынан бастап орталық коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде жұмыс істей бастады. Еліміздің басқа облыстарының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері жұмысымен танысу және өңірлерде осындай орталықтар ашу үшін келді.

"Жанұя" базасында 10 мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік ұйымдардың қызметі ұйымдастырылды. Екі жыл ішінде мұнда 75,5 мың адам өтініш білдірді. "Бір терезе" қағидаты бойынша мұнда 70 қызмет біріктірілген.

2021 жылдың басынан бастап орталыққа 35 мың адам жүгінді, мамандар 31 мың мәселе қарады, оның 18 мыңы шешілді, қалған 17 мыңы бойынша жүйелі қадамдық консультация жүргізілді. Қала тұрғындары жұмысқа орналасу, АӘК және басқа да әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, ЭЦҚ тағайындау, әлеуметтік қызметтер порталында өтініштерді тіркеу мәселелері бойынша жиі жүгінеді.

Биыл қаңтар-тамыз айларында орталық елорданың 233 тұрғынына психологиялық көмек көрсетті.

Мекеме психологтары отбасылық құндылықтарды нығайту, психологиялық мәселелерді шешу және көмекке мұқтаж жандарға өмірдің маңыздылығын түсіндіру үшін офлайн және онлайн іс-шаралар өткізеді. Олар сондай-ақ әлеуметтік осал және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, ауданның отбасыларды әлеуметтік қолдау бөлімдерінің мамандарымен бірге барады.

Сондай-ақ, "Жанұя" орталығында заңгерлік, құқықтық кеңестер, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, конституциялық құқықтарды қорғау бойынша өтініштерді және азаматтық құқықтарды қорғау аясында түрлі мемлекеттік және өзге де ұйымдарға өтініштерді ресімдеуге көмек көрсетіледі.

Бұдан басқа, орталықта консультанттардың көмегімен электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді алу үшін жеке пайдалануында компьютерлік техникасы жоқ адамдарға өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған. Күн сайын мұнда 300-ден 500 адамға дейін қызмет көрсетіледі.

Қазіргі уақытта орталықта келушілерді тіркеу және қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын анықтау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бір-бірімен тығыз жұмыс істеуі мақсатында "Отбасы профилі" ақпараттық жүйесі енгізілуде.

Мекемеде жүйелі түрде аудан әкімдері, қала басқармаларының және басқа да мемлекеттік мекемелердің басшылары азаматтарды қабылдайды.

Мұнда "Кәсіпкер ана" жеке бизнесті дамыту бойынша қолдау орталығы жұмыс істейді: мамандар өз ісін ашуға көмек көрсетеді, кәсіпкерлер мотивациялық бизнес-тренингтер өткізеді.

Орталықта әрбір қала тұрғынына, өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыға жеке көмек көрсетіледі. Жыл басынан бері 186 отбасы тексерілді, әлеуметтік қолдауға 121 отбасы қабылданды. Қоғамдық ұйымдармен бірге мұндай отбасыларға азық-түлік себеттері, балалар киімдері және т.б. түрінде қайырымдылық көмек көрсетіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109