1132

Алтай Көлгінов білім беру жүйесі туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл 15 мектеп салынып, 40 мыңнан астам оқушы орны ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мектептерде оқу жылы дәстүрлі офлайн-форматта басталады. COVID-19 таралуын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылданды: оқу орындары "Ashyq" жобасына қосылды, мұғалімдер екпе алды, мектептер қорғаныс құралдарымен жабдықталуда және т.б. Тамыз кеңесінде оқу жылының мәселелері мұғалімдермен талқыланды.

Бірінші. Мектептер құрылысы

Бірінші сынып оқушыларының саны орта есеппен түлектер санынан 3,5 есе асады. Жыл сайынғы өсімді ескере отырып, мектеп құрылысы бойынша жүйелі жұмыс жүргізудеміз. Биыл 15 мектеп саламыз. Осылай 40 мыңнан астам жаңа оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе және 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Құрылыс кезінде мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын, оның ішінде инклюзия, педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттерін және т. б. ескереміз. 

Екінші. Мұғалімдерді қолдау шаралары

Біз одан әрі оқу орындарын салуды жалғастыра береміз, бірақ балаға білім беретін мұғалім ғана. Педагогтардың біліктілігін арттырып, жаңа кадрлар даярлау, ынталандыру керек. 

Ел басшылығы біздің педагогтеріміз үшін жағдай жасауға және жақсартуға ерекше көңіл бөледі, "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды. Елордалық мұғалімдердің еңбекақысы соңғы екі жылда – 2020/2021ж – 50%-ға өсті. Мұғалімдердің жалақысы 2024 жылға дейін жыл сайын 25%-ға өседі. Сондай-ақ, біліктілік санаты үшін қосымша ақы қарастырылған. 

Сонымен қатар, өз тарапымыздан тұрғын үй жағдайларын жасау бойынша жұмыс істейміз: кезекте тұрғандар арасында тұрғын үй сертификаттарын бөлеміз, бағдарламаны Қазақстандық тұрғын үй компаниясымен (ҚИК) бірлесіп жалғастырамыз. Сондай-ақ, 2019 жылы бастауыш мұғалімдерді қолдау үшін 350 орындық жас педагогтар үйі салынды.

Үшінші. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру

Мұғалімдердің кәсіби дамуына назар аударамыз: Ozat жобасын іске асыру аясында мектептер мен колледждердің 400 пән мұғалімі РІЅА тапсырмаларына білім алушыларды дайындау бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқудан өтті, Кембридж университетімен бірлесіп SHARE жобасы іске қосылды: бірлескен зерттеулер жүргізілуде, ақпарат алмасылуда, пандемияға дейін шетелдік іссапарлар ұйымдастырылды және т.б.

Кадрларды тарту үшін жыл сайын жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуға гранттар бөлеміз. Мысалы, биыл 800-ге жуық педагог жұмысқа қабылданды. 

Төртінші. Балаларға арналған қолдау шаралары

Жалпыға міндетті оқу аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмекке 800 млн теңге бөлеміз. Балаларды қамтуды ұлғайттық, өткен жылдан бастап сертификат сомасын арттырдық. Отбасында мәселен 4 бала болса, онда әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді, нәтижесінде отбасы 160 мың теңге алады. Бұл қаражат мектеп киімін, аяқ киім және жазу керек-жарақтарын сатып алуға бағытталады. 

Сонымен қатар, оқушыларға басқа да әлеуметтік жобалар арқылы көмек көрсетеміз.

Бесінші. Қосымша білім беру

Қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейту де маңызды. Қаланың әр ауданында алғаш рет балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубының төрт орны ашылды.

Жаңа оқу жылында "JAS Tarlan" әскери-патриоттық орталығын, қосымша білім беру мектеп-орталығын, 2 Community орталығын, қосымша білім беру ұйымдарының 7 филиалын, "Таным" креативті технологиялар орталығын, "Sana" креативті білім беру орталығын және т.б. ашуды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, алғаш рет 90 үйірме ашу арқылы 5 мыңнан астам баланы қамти отырып, қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырамыз. Осылайша біз балаларды қосымша біліммен қамтуды 100%-ға дейін арттырамыз», – деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109