950

Шулы жолақ, камера және бағдаршам жұмысындағы өзгерістер: Нұр-Сұлтанда жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

Елордада қала әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен прокурордың, полиция департаменті, аудандық әкімдіктер мен мүдделі органдар басшылығының қатысуымен Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Қаралған мәселелердің бірі жол қауіпсіздігі мен елордада жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру барысы болды.

Полиция департаментінің елордада, әсіресе қысқы уақытта жолақтардың шекарасын белгілейтін қосымша сол жақ бұрылыстың жарық модульдерін қолдану, сондай-ақ қызыл түсті шулы жолақтары бар учаскелер санын ұлғайту туралы ұсыныстары қолдау тапты.

Қазіргі уақытта қызыл түсті шулы жолақтар 7 учаскеде, мысалы Әлиев көшесіндегі балалар футбол клубы маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінің алдында, Түркістан көшесіндегі «Алпамыс» балабақшасының ауданында және т.б. Осы жылдың соңына дейін оларды тағы 38 учаскеде қолдану жоспарланып отыр. Бұл шаралар жаяу жүргіншілер өткелінің алдындағы жылдамдықты мәжбүрлеп төмендетуге, шулы әсерін жасауға, сондай-ақ жолақтардың ашық қызыл түсіне байланысты жүргізушілердің назарын аударуға мүмкіндік береді. Қозғалыс бағыттарын жоспарлау үшін қалаға кіре берістегі ақпараттық қалқандардың санын арттыру туралы шешім қабылданды.

Бұдан басқа, бағдаршамдардың жұмыс режимдерін өзгерту бойынша ұсыныстар қолдау тапты. Атап өту керек, бұл нәтиже бойынша енгізілген өзгерістер жұмыс режимі Бөгенбай батыр – Республика бағдаршам қиылысында аралық тактің ұлғаюын ескере отырып (сары сигнал уақыты ұзартылды – 3-тен 4-5 сек), көлік апатын төмендетуге қол жеткізілді.

Осы өзгерістер енгізілгеннен кейін сол жақ бұрылысты жасау кезіндегі жол-көлік оқиғасының саны (ЖКО) 57%-ға қысқарды. Жол бойына орнатылған камералар да ЖКО санын азайтуға және жүргізушілерді тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жол белгілерінің жүру бөлігінің үстінде орналасуы арқылы олардың көрінуін жақсарту, сондай-ақ пластикалық жабыны бар жеңіл құрастырмалы металл конструкциядан жасалған жаяу жүргіншілер қоршауларын қолдану жоспарлануда.

Алдын алу және ескерту мақсатында елорда әкімдігі полиция департаментімен бірлесіп, қала жолдарында қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру, оның ішінде жаңа схемалар мен техникалық құралдарды қолдану бойынша шаралар қабылдауда. Қала аумағында «сары түсті» жол белгілеуінің қос тұтас желісін қолдану бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, комиссия отырысында әлеуметтік нысандардың (мектептер, ауруханалар, балабақшалар және басқалар) бейнекамераларын қалалық бейнебақылау жүйесіне қосу жөніндегі жол картасын іске асыру барысы, сол сияқты мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, әрі интернет желісінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109