1212

МИБ: Елордада жыл басынан бері 500-ден астам мүлік иелерінің жиналысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мүлік иелерінің бірлестігінде (МИБ) мүлік иелері біріккеннен кейінгі тұрғын үй қатынастарын жаңғырту туралы айтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Үйді басқарудың бұрынғы формасынан МИБ-ке көшу бойынша жұмыстар аясында жыл басынан бері мүлік иелерінің 500-ден астам жиналысы өткізілді. Ай сайын тұрғын үй қатынастары және мүлік иелерінің бірлестігін құру мәселелері бойынша 350 өтініш қаралады.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар, сондай-ақ тұрғын үй қорын басқару және күтіп ұстау мәселелері жөніндегі менеджерлер үшін сертификаттау орталығы аккредиттеуден өтті. Ақпараттық материал әзірленді. Сондай-ақ, Е-Knot онлайн дауыс беру сервисі қамтамасыз етіліп, елорданың ТКШ нарығының белсенді қатысушыларымен шоғырландыруға қол жеткізілді.

Бірлескен жұмыстардың арқасында «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына 50-ге жуық түзетулер әзірленіп, қарауға енгізілді.

Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» ҰКП қатысуымен басқа қауымдастықтармен, сондай-ақ кәсіпкерлермен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жолға қойылды, бұл Қазақстан Республикасының 53 елді мекенінде ТКШ кәсіптері үшін сертификаттау орталықтарының қатысу нүктелерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП жанынан ТКШ мәселелері жөніндегі кіші комитет құрылды.

МИБ орталығының алдына елордалық мүлік иелеріне бюджет қаражатын жұмсамай-ақ МИБ-ке өту үшін ресурстармен қамтамасыз ету және жағдай жасау міндеті қойылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109