1075

«Астана Опера» театры IX театр маусымының ашылуына дайындық үстінде

«Астана Опера» опера және балет театры тоғызыншы театр маусымының ашылуында дәстүрлі «Қыз Жібек» ұлттық спектаклін қоюға қызу дайындалып жатыр. Сондай-ақ, осы жылдың қыркүйек айында қала тұрғындары мен қонақтары «Дон Карлос», «Турандот» опералық спектакльдерін, «Бақшасарай бұрқағы», «Корсар» балет спектакльдерін және т.б. тамашалай алады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

Жаңа маусымда театр бірқатар премьераны дайындайды. Олардың арасында атақты хореограф Иржи Килианның "«Шесть танцев», Дьюла Харангозоның «Белоснежка и семь гномов», Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» ұлттық опералық спектакльдері бар.

«Айта кету керек, қазір театр бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарына сәйкес жұмыс істейді, залдардың толтырылуы отыратын орындардың жалпы санының 20% - нан аспайды. Көрермендер кіреберісте "Ashyq" жүйесін пайдаланады», - деді «Астана Опера» театры директорының орынбасары Айжан Құрманғалиева.

«Астана Опера» ұжымы алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы вакциналау процесін бастады: театрдың 100-ден астам қызметкері вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін алды.

«Біз есігімізді айқара ашып, залда толып отырған көрермендерімізді көретін сәтті асыға күтеміз. Бұл тұрғындарға жаппай вакцинация жасау және шектеу шараларын алып тастау арқылы ұжымдық иммунитетке қол жеткізгенде ғана мүмкін болатындығын түсінеміз. «Астана Опера» театры өз тарапынан барынша күш - жігер жұмсап, қызметкерлерді вакцинациялауға қолдау көрсетуде», - деп қосты спикер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109