1124

Жағалау шағын ауданында 17 тұрғын үй абаттандырылып жатыр

Жағалау шағын ауданында 17 көппәтерлі тұрғын үйді кешенді абаттандыру жүргізілуде, онда 20 мыңға жуық адам тұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жағалау шағын ауданында үй жануарларын серуендетуге арналған аймақ, 1 Әмбебап хоккей корты, үстел теннисіне арналған 4 үстел, 6 гимнастикалық алаң, 7 футбол-баскетбол алаңы, тыныш демалуға арналған 9 учаске, workout кешені бар 12 аймақ, 12 тренажер аймағы, 16 балалар алаңын салу жоспарланып отыр.

Жобалау-сметалық құжаттама бойынша алаңдарды жайластыру кезінде жарақатқа қауіпсіз резеңке жабын, сондай-ақ сертификатталған шағын сәулет нысандары пайдаланылады. Жаңа алаңдар барлық заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін атап өту қажет.

Осы жылы 38 аула мен екі сквер абаттандырылды. 10 жылдан астам уақыт бойы абаттандырылмаған проблемалық құрылыс алаңдарының аулаларына баса назар аударылды. Айта кету керек, 2020 жылы 32 учаске абаттандырылып, тұрғын үй алаптарына ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, осындай жұмыспен қаланың барлық аудандары қамтылған. Мәселен, 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік салынады және жөнделеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109