1298

29 тамыздан бастап Нұр-Сұлтанда жаңа Bus Lane іске қосылады

Осы жылдың 29 тамызынан бастап Абылай хан даңғылы бойынша Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде қоғамдық көлік үшін бөлінген уақыт шектеуі бар жолақты енгізу жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жаңа желі халықтың мобильділігін жақсарту, жедел жәрдем, арнайы қызметтер мен өрт техникасының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік көп жүретін учаскелерде өткізу қабілетін арттыру мақсатында енгізіледі. Автокөліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат етіледі. Алайда сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін және сағат 17.00-ден 20.00-ге дейінгі қарбалас уақытта автомобильдерге бұл жолақтармен жүруге тыйым салынады.

Айта кету керек, бұл іс-шара Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау және елордада 2020-2021 жылдарға арналған жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру мен жол қауіпсіздігін арттыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында жүзеге асырылуда.

Жол қозғалысына қатысушылардың барлығын қырағы болып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109