1177

Елордада елу спортшы қала әкімінің білім грантын алды

Биыл тұңғыш рет Нұр-Сұлтан қаласының спортшы талапкерлеріне қала әкімінің білім гранттары берілді. Енді елордалық спортшылар еліміздің іргелі оқу орны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жастайынан спорт жолында жүріп, жарыстар мен жаттығулардан бас ала алмайтын спортшылар мектеп бітірген соң бәрі бірдей жоғары оқу орындарына түсе алмай қалып жатады. Салдарынан спорттық карьерасын аяқтап, қолжетімді мамандықтарға баруға мәжбүр болады.

Спортшыларды қолдау және өз спорт мамандарымызды дайындап шығару мақсатында биыл тұңғыш рет елордада «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша  қала әкімінің гранттары берілді.

Жақсы жаңалықты естіген  спортшылар мен ата-аналар қуаныштарын жасырмады.

«Мен каратэмен жеті жасымнан бастап айналысамын. Халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, Қазақстан чемпионаттарында да чемпион атандым. 11-сыныпты бітіріп спорт мамандығына түскім келді. Мемлекеттік грантқа өте алмай, әкім грантын естіп құжат тапсырдым. Бүгін тізім шығып, әкім грантына түстім. Бізге осылай қолдау білдіріп жатқан басшыларға алғысымды білдіргім келеді. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң ел спортының дамуына өз үлесімді қосамын», - деді қала әкімі грантының иегері Айбек Аманов.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің грант иегерлерінің қатарында көпбалалы отбасынан шыққан балалар мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар да бар. Бес бала тәрбиелеп отырған Альмира Бағдатқызы ұлының грант алғанын естігенде  қуаныштан көзіне жас алғанын айтты.

«Қуаныш үйдің үлкені. Әкім грантын алды дегенде шыны керек қатты қуандық. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Қала әкімдігіне, спорт басшылығына алғысымды айтамын», - деді дзюдошы Қуаныштың анасы.

Қала әкімінің грантына өтініш білдірген талапкерлерді іріктеу барысында спорттық атақтары мен 2019-2021 жылдарғы спорттық жетістіктері, яғни Қазақстан Республикасының чемпионаты, халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып орын алған жетістіктері ескерілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109