1381

Нұр-Сұлтанда тікелей эфирде вакцинацияланғандар арасында кезекті бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өтеді

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады. Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың сегізінші ұтыс ойыны 28 тамызда (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді. Сегізінші ұтыс ойынына 21 тамыз бен 27 тамыз аралығында (қоса алғанда) вакцинацияланғандар қатысады.

Вакцина алғандар арасында бағалы жүлделердің ұтыс ойыны апта сайын өткізіледі.

Бұл ұтыс ойындарына вакцинация пунктінің бәрі қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүзеге асырылады, арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын апта сайын өткізеді.

Осыған дейін вакцинацияланғандардың арасында соңғы үлгідегі iPhone-ның 17 данасы, 5 тоңазытқыш, 3 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 DVR, кір жуғыш машина, Алиса ақылды колонкасы және ауа ылғалдандырғыш ойнатылды.

Birge (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол вакцинацияланғандардың ID-нөмірі арқылы жүлде иелерін таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Олардың арасында екі бөлмелі пәтер бар. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакцинация пунктінің бәрі қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО-дағы вакцинация пунктінде екпенің бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары жұртшылықты вакцинациялауға ынталандыру, осылайша өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109