1317

Нұр-Сұлтанда карантин нормаларын сақтамағаны үшін 5 мекеме жауапкершілікке тартылды

Өткен тәулікте елорданың мониторингтік топтары қаланың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талабын бұзған 5 мекемені анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Байқоңыр ауданында мекемелер карантин режимін бұза отырып жұмыс істегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл "Өзіміз ғой" кафесі және "Ashyq"бағдарламасынсыз жұмыс істеген ZaZa түнгі клубы.

Карантин шараларының сақталмауы Алматы ауданының "Сова" Караоке клубында байқалды. Сондай-ақ, мониторингтік топ Сарыарқа ауданындағы "Nirvana" бары мен "Стамбул"кафесінде бұзушылықтарды тіркеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті орган тәртіп бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылдайтын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал әлі тұрақсыз. Күн сайын жұқпалы аурулар стационарларына аурудың орташа және ауыр ағымы бар ондаған науқас түседі. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.

Айта кету керек, бүгінгі күні инфекцияның өсуін тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру болып табылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109