1130

Елордада екпе алған педагогтер арасында ұтыс ойыны өткізілді

Елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде екпе алған педагогтер арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өтті. Оған барлығы 1130-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті маусым айында пандемияға қарсы «Бәріміз бірге пандемияны жеңеміз!» деген үлкен акция ұйымдастырды. Бүгін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізіп отырмыз. Бұл ойынға вакцина паспортын иеленген оқытушылар мен қызметкерлеріміз қатысты. Бүгінде университетімізде вакцина алған оқытушы, қызметкерлердің саны 90 пайызға жуықтады», - деді Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің маманы Жайнагүл Құсайынова.

Айта кетейік, 1130-ға жуық адам қатысқан ұтыс ойыны Facebook және Instagram парақшаларында онлайн түрде өтті.

«Бүгінгі лотореяға вакцинаның екі компонентін де алған қызметкерлер қатысты. Лотореяда ойнатылған сыйлық саны 200-ден асады. Жалпы жүлде қоры 3,5-4 млн теңгені құрайды. Сыйлықтар арасында қызметкерлерге қажетті компьютер, ноут бук, теледидар, қысқатолқынды пеш, үтік, принтер және т.б. бар. Жеңімпаздарға сыйлықтар факультеттер арқылы жеткізілетін болады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Тастемiр Ақұлан Өсерұлы.

1 қыркүйекке дейін аталған университеттегі вакцинацияланған қызметкерлер санын 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ал қыркүйек айының ортасына қарай осындай ұтыс ойыны студенттер арасында өткізілмек.

Айта кетейік, ұтыс ойыны барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109