1227

Нұр-Сұлтанда өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда

Елордада осы жылдың 15 тамызынан бастап  «Өрт қауіпсіздігі айлығы» бастау алған болатын. Осы айлық шеңберінде көп пәтерлі тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу, балалардың жарақаттану мәселесіне назар аудару, балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлардың санын азайту және олардың жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "BIGroup" құрылыс компаниясымен бірлесіп «Мәңгілік» ТК аумағында "Әр үйге қауіпсіздік" акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті BI Service компаниясымен бірлесіп кезекті рет «Қауіпсіз үй» акциясын ұйымдастырды. Аталған акцияның басты мақсаты – қала тұрғындары арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттау. Балалардың терезеден құлауы, судағы қауіпсіздік,өрт қауіпсіздігі мәселесін түсіндіріп айттық. Сонымен қатар, бүгінгі акция барысында тұрғындар, кішкентай бүлдіршіндер Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды», - Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы.

Акция барысында балалар үшін кинологиялық қызметтің, құтқарушы-сүңгуірлердің көрнекі көрсетілімдері, өрт сөндіру техникалары және өрт сөндірушілердің жауынгерлік жабдықтарымен танысу, өрт сөндіргіштің көмегімен өртті сөндіру және тағы басқа да шаралар ұйымдастырылды. Викториналар, қозғалмалы байқаулар, кәдесый және үйретуші көрнекі-бейнелеу өнімдерін тарату - бұл ТЖД қызметкерлері дайындаған іс-шаралар тізімінің аздаған бөлігі ғана. Құтқарушылар балаларға жақсы көңіл-күй мен жағымды әсер қалдырып, рухани мереке сыйлады.

«Бүгін өрт сөндірушілер мен BI Group компаниясы бірлесіп, ауламызда іс-шара өткізіп жатыр. Үлкен рахметімді айтқым келеді. Өйткені, балалар өрт сөндірушілердің жұмысын көріп, жарысқа қатысып, жақсы әсер алды», - дейді қала тұрғыны Құралай Қорғанбек.

Айта кетейік, жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 402 өрт тіркеліп, 7 адам (оның ішінде 2 бала) қаза тапты. Бұдан бөлек 8 адам жарақат алды, оның ішінде 1 бала бар. Өрт пайда болатын негізгі орындар - тұрғын үй секторлары.
Өрттің негізгі себептері отты абайсыз пайдалану, электр сымдарын пайдалану ережелерін бұзу болып табылады.

Бүгінгі өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты- тұрғындарға өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін жеткізу. Көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өрттің пайда болуына жол бермес үшін бірқатар тыйымдарды сақтауы керек:

- көп пәтерлі ғимараттардың жертөлелерінде, сондай-ақ олардың шатырларында және төменгі қабаттарында әртүрлі жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, пиротехниканы, жанғыш газы бар баллондарды және т. б. сақтауға және пайдалануға;
- аталған үй-жайларды шеберханаларды, қоймаларды немесе өндірістік учаскелерді ұйымдастыру үшін пайдалануға;
- қабаттарда эвакуациялық шығу есіктерін қайта жөндеу жүргізуге;
- өрт крандары мен алғашқы өрт сөндіру құралдарына кіреберістерде, секциялар арасындағы өткелдерде, эвакуациялық шығу есіктерінің жанында жиһаз және басқа да көлемді заттарды орналастыруға, пәтерлердің лоджиялары мен балкондарында люктерді қайнатуға;
- киімдерді немесе бензин мен басқа да жанғыш сұйықтықтарды қолданып жуу немесе оларды тазалау үшін пайдалануға, қатып қалған коммуникацияларды жылыту үшін ашық отты пайдалануға;
- түтінденбейтін баспалдақ торларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін балкондар мен галереяларды шынылауға;
- зақымдалған розеткалар мен электр ажыратқыштарды қолдануға;
- электр желісіне қосылған тұрмыстық электр жылыту құралдарын қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109