1350

Нұр-Сұлтанда Сарыбұлақ өзенінде экологиялық сенбіліктер өткізілуде

Сарыбұлақ өзенінде жоспарланған сенбіліктер аясында жалпы саны 30 адамнан тұратын "Жаснұр "ӨШҚ" МКҚК қызметкерлері және "Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ қызметкерлері, сондай-ақ 15 адамнан тұратын еріктілермен арнаны, су бетін және жағалау бөлігін тазарту бойынша экологиялық сенбілік өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Тазарту жұмыстары Тілендиев көшесіндегі көпірден сағаға дейін жалпы ұзындығы 2 км жерде өтті.

Аумақты түрлі қоқыстан және қатты тұрмыстық қалдықтардан, соның ішінде киім, матрац, көрпе, жастық, резеңке шиналардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді; сондай-ақ су беті тазартылып, құлаған жапырақтар мен ағаш бұтақтары жиналды, беткейлердегі артық өсімдіктер шабылды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудан бөлек, Сарыбұлақ өзенінде су бетін су лалагүлдерінен, қамыстан тазарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Жалпы алғанда 860 кг өсімдік қалдықтары мен ҚТҚ жиналды және шығарылды. Естеріңізге сала кетейік, енді сенбіліктер әр жұма сайын өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109