1274

Елорда мешіттерінде Жамбылдағы жарылыста қаза болғандардың рухына Құран бағышталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Осыған орай бүгін елорданың барлық мешітінде қаза болғандардың рухына арнап Құран хатым дұғасы оқылды. Сол сияқты православие шіркеулерінде марқұмдарға арнап діни іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты барлық мешітте Құран хатым дұғасы оқылды. Жарылыс кезінде қаза тапқандарды Алла өз рахымына алсын деп дұға тілейміз. Олардың артында қалған бала-шаға, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Елімізде тыныштық болсын, мұндай төтенше жағдайлар қайталанбасын деп тілейміз. Осындай қиын-қыстау кезеңде дініміздің, ұлтымыздың әртүрлі екендігіне қарамастан бірлігімізді көрсетіп жатырмыз. Біздің еліміздің құндылығы да осы», – деді «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Нұрлан Қайырбеков.

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай бүгін еліміздің барлық мешітінде бір мезетте Құран оқылып, қазаға ұшыраған марқұмдардың рухына бағышталды.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтандағы барлық православие шіркеуінде де жарылыс кезінде қайтыс болғандарды ерекше еске алу ғибадаттары жасалып, дұға оқылды. Елордадағы Александр Невский храмына жиналғандар Жамбыл облысында ерлікпен қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылардың жақындарына сабыр мен шыдам тіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109