1269

Нұр-Сұлтанда спорт орталықтарының желісі кеңейіп жатыр

ҚР Конституция күні елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов қаланың бірқатар спорт нысанын аралады. Ол биыл есігін айқара ашқан жаңа спортзалдардың жабдықталуымен танысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Асхат Оралов аралаған нысанның бірі – №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Ғимарат жақында халықаралық стандарттарға толықтай сай келетін жаңа снарядтармен және басқа да құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Мекеме ішінде қайта жабдықталған гимнастика залы ашылады. Жалпы ауданы 650 шаршы метр болатын зал спорттық, көркем, батуттық гимнастика бағыттарын дамытуға арналған, онда қаланың 900-ден астам спортшысы шұғылданатын болады. Мұнда республикалық деңгейде ірі жарыстар өткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, әкім орынбасары биыл наурыз айында «Астана Арена» спорт кешенінің базасында ашылған бокс орталығын аралады. Нысан спорт жабдықтарымен, жүгіру жолымен жабдықталған, күніне орта есеппен залға 500-ге жуық адам келеді. Ол жаттығу процесінің сапасын арттыру, қала аудандарының тұрғындарына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ашылды.

Сондай-ақ, «Астана Арена» ғимаратында жауынгерлік өнер орталығы жұмыс істейді, онда 9 олимпиадалық емес спорт түрі: панкратион, джиу-джитсу, грэпплинг, самбо, жауынгерлік самбо, киокушинкай-кан каратэ, шинкиокушинкай каратэ, белбеу күресі және кикбоксинг дамытылады. Зал күніне 500-ден астам адамға арналған.

Айта кету керек, қалада спорт пен спорттық инфрақұрылымды дамыту ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде үлкен серпін алды. Бүгінде қала тұрғындарының 31%-дан астамы спортпен тұрақты түрде айналысады. Нұр-Сұлтанда 40-қа жуық ірі спорт нысанында спорттың 110-нан астам түрі үйретіледі.

Мемлекет басшысы халық арасында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Жайлы қоғамдық кеңістіктер мен көпфункционалды алаңдар ашу қала тұрғындарын барынша көп қамтуға және салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.

Жыл сайын тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қаланың барлық ауданында жаңа спорт кешендері ашылуда, 11 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Сонымен қатар, төрт тұрғын алабында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр. Соңғы екі жылда елордада 400 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды.

Биыл осыған дейін аталған нысандардан бөлек Жирентаев көшесінде Жекпе-жек орталығы ашылды, Тәуелсіздік сарайында көркем гимнастика орталығы мен «Сарыарқа» велотрегінде дзюдо орталығы ашылды.

Жақында қала басшылығының тапсырмасы бойынша спорттық колизей, ал Триатлон паркінің, ЕҰУ жанындағы көпірдің астында арнайы спорт алаңдары ашылды. Қаланың барлық парктері воркаут алаңдарымен және жаттығу жабдықтарымен жабдықталған. Сонымен қатар, жылдан жылға веложолдары бар жүгіру жолдарының саны артып келеді. Бүгінде қала бойынша 70 шақырым веложол салынды. Жоспарда – 123 км веложол.

Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдердің спорттық әлеуетін дамыту үшін елордада 30-дан астам аула клубы ашылып, жұмыс істейді. Онда 3000-нан астам тәрбиеленуші ақысыз негізде оқиды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109