1180

Алтай Көлгінов қала тұрғындарына үндеу жолдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жолдарда трафиктің көбеюіне байланысты қала тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет екенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Оқу жылының офлайн форматта басталуына және демалыс маусымының аяқталуына байланысты жолдардағы трафик артады. Тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. 

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін автобустар санын көбейттік – күн сайын желіге 850-ден астам қоғамдық көлік шығады. Қозғалыс кестесін оңтайландырып, жаңа бағыттарды іске қостық. Мысалы, №30 бағдар "Өндіріс" елді мекеніндегі қоғамдық көлік жұмысын жақсарту үшін іске қосылды, ол Дауылпаз көшесіндегі №92 мектеп-лицейді (Б.Момышұлы даңғылы) және "Зеленый квартал" ТК ауданындағы жаңа мектепті қамтиды.

№4, 7, 17, 21, 23, 25, 40, 41, 48 маршруттарында жылжымалы құрам айтарлықтай жаңартылды. Тек осы жылдың өзінде қосымша 6 учаскеде автобус жолағы енгізілді. Жоғарыда аталған барлық шаралар автобустардың күту аралығын және жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. 

Естеріңізде болса, 2020 жылдың наурыз айынан бастап кәмелетке толмағандарға тегін жол жүру енгізілген. Тіпті карантин жылын ескерсек, осы жылдың 8 айында ғана балалар 8 млн 300 мыңнан астам сапар жасаған. Мектептен басқа оқушылар әртүрлі үйірмелер мен секцияларға қатысып, құрдастарымен кездесетінін ескерсек, бұл шара отбасылар үшін айтарлықтай қолдау болып саналады деп ойлаймын. Әсіресе бір үйде бірнеше бала болса. Кәмелетке толмағандар үшін жол жүру тегін», – деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109