1088

«Fortuna» музыкалық шығармасы Нұр-Сұлтанның медицина қызметкерлеріне арнап қойылды

ҚР Конституциясы күні «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында мерекелік қайырымдылық концерті өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қайырымдылық концертінің қонағы ретінде мүмкіндігі шектеулі жандар, мұғалімдер, дәрігерлер мен полицейлер қатысты. 

Сахнада Еркеғали Рахмадиевтің, Мыңжасар Маңғытаевтың туындылары, сол сияқты Құрманғазының күйлері орындалды. 

К.Орфтың «Кармина Бурана» кантатасындағы «Fortuna» туындысы кештің сәнін арттырды. Бұл COVID-19-ға қарсы күрестің басты қаһармандары – медицина қызметкерлеріне арналды. 

Концерттік бағдарлама еліміздің Конституция күніне арналды. Сахнада сирек кездесетін, күрделі орындалатын шығармалар қойылды. Кеш Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.

Жаңа театр маусымын ашқан концерт санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң түрде сақтай отырып өтті. Көрермендер арасында қашықтық сақталды, келушілер «Ashyq» бағдарламасы бойынша кірді.

Айта кетейік, «Астана Опера» театры – «Ashyq» бағдарламасының көшбасшысы. Ұжым қызметкерлері мен әртістері жаппай вакцинациялауды алғашқылардың бірі болып бастаған.

Жаңа маусымға театр премьералар, концерттер, балалар бағдарламаларын және тағы басқаларды дайындап отыр.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109