1054

Елордалық үш боксшы Азия чемпионы атанды

Тамыз айының 24-30 аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған елордалық спортшылар топ жарып, чемпионаттың  алтын жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Сонымен 48 келіге дейінгі салмақта Санжар Ташкенбай финалда үндістандық қарсыласы Вишнават Сурешті 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтса, Бақберген Алиасқаров 75 келі салмақта Иран спортшысы Фардин Халифелуды 4:1 есебімен ұтты. Ал 86 келіде Темірлан Мұқатаев Өзбекстан өкілі Диербек Ураловты 5:0 есебімен ұтып , жарыс жеңімпазы атанды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 8 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде иеленіп, бірінші орынды иеленді.

Екінші орынға 3 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлдемен Өзбекстан құрамасы тұрақтаса, үздік үштікті 2 алтын, 3 күміс, 4 қола жүлдемен Үндістанның былғары қолғап шеберлері қорытындылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109