968

Нұр-Сұлтанда «ӨЗ ӨМІРІҢДІ САҚТА!» акциясы басталды

Елордалық еріктілер қалалық полиция департаментімен бірлесіп «ӨЗ ӨМІРІҢДІ САҚТА!» акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты халыққа теміржол нысандарындағы қауіп туралы ескерту болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғындарға түсіндіру шаралары жүргізілді, сондай-ақ ТЖ жолдарының жанындағы жүріс-тұрыс туралы жадынамалар таратылды.

«Бүгін «ӨЗ ӨМІРІҢДІ САҚТА!» акциясы аясында біз желілік полиция басқармасымен бірлесіп теміржол нысандарында балалардың жүріс - тұрыс қауіпсіздігі ережесі туралы буклеттер тарату бойынша жұмыс жүргізудеміз», - деді «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының волонтері Әлфараби Аймақ.

«Бұл акцияның негізгі мақсаты - ТЖ көлік нысандарында жазатайым оқиғалар мен шұғыл тежелулердің алдын алу. Темір жол – бұл жоғары қауіпті аймақ екенін бәріміз білуіміз керек. Көбінесе адамдар белгіленбеген жерлерде жүреді. Өз жолын қысқартамын деп, олар өз өмірін қысқартып алуы мүмкін», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Абай Келібаев.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109