1511

Елорданың медицина қызметкерлеріне қала әкімінің алғыс хаты табысталды

Конституция күніне орай елордалық медицина қызметкерлеріне қала әкімі Алтай Көлгіновтің алғыс хаты табысталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы ковидтік стационарға барып, орталықтың барлық қызметкерлерін қала әкімшілігінің атынан мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, құттықтауға Мәжіліс депутаты Азат Перуашев, "Ақ жол"партиясының өкілдері де қосылды. Олар COVID-19-ға қарсы күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлеріне «Жанқиярлық күрес үшін» төсбелгілерін табыстады.

«Республикамыздың Тәуелсіздігінің 30 жылдығында сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қала әкімі сіздердің инфекциямен күрестегі жұмыстарыңызды және науқастардың денсаулығы үшін жасап жатқан еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Пациенттердің көпшілігі отбасыларына аман-есен оралды. Олардың өмірін сақтап қалған – сіздер, ақ халаттық жандарсыздар. Бұл – сіздердің еңбектеріңіз», - деп атап өтті қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова.

Ол дәрігерлерге салтанатты түрде Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар табыстап, барлық қызметкерлерге денсаулық, бақыт, табыс және еңбектерінің жемісін көруді тіледі.
Еске сала кетейік, бүгінде елордада коронавируспен күреске 7 мың медицина қызметкері тартылған. Жалпы, пандемия кезеңінде бұл жұқпалы аурулар ауруханасы 5 мыңнан астам науқасты емдеп шығарды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109