824

Елордалық екі мекеме карантин талаптарын бұзып, жаппай іс-шаралар өткізген

Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Күн сайын ондаған кәсіпкерлік нысанда карантин талаптары бұзылғаны анықталады. Өткен тәулікте, яғни 31 тамыз күні шектеу шаралары қаланың 6 мекемесінде анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында "Chechil Pub" барында қызметкерлер маска режимін сақтаған жоқ.
Сарыарқа ауданының мониторингтік тобы "Koonjoot" мейрамханасында көп адамның қатысуымен өтіп жатқан іс-шараны тоқтатты.

Алматы ауданында орналасқан "Сова" және "Janym Soul" караоке-клубтарында белгіленген жұмыс режимі бұзылды.

Байқоңыр ауданында "Наз" дүкені гүл таратып, жаппай іс-шара өткізді. Сондай-ақ, "JJJ" дүкенінде карантин режимі бұзылды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тиісті органдарға берілді.

Айта кету керек, елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Күн сайын КВИ инфекциясын жұқтырған науқастар анықталады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сол сияқты кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109