981

Вакцина әрбір адамды індеттен қорғайды – Тимур Мұратов

Оқу жылының басталуына орай елордада халықты жаппай вакцинациялау қарқыны артты. Көптеген оқу орынында қызметкерлердің 100%-ы COVID-19-ға қарсы вакцина алды. Халықты иммундаудың маңыздылығы туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Ағзаға вирус түскендей әсер беру – бұл вакцинаның негізгі қағидасы. Яғни, организм тұрақты иммунитетті дамытады, осылайша біздің иммунокомпетентті жасушалар пайда болады және олар вируспен кездесуге дайын болады. Дәл осы инфекцияға қарсы тұруға арналған дайын антиденелер шығарылады. Сондықтан біз оны вакцинациядан кейінгі ерекше иммунитет деп атаймыз. Осылайша, организм вирусқа дайын. Міне, екпенің маңыздылығы осы», - деді Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, екпе әр адамды қорғайды. Алайда, көптеген жағдайда вакцинацияның әсері елде ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде пайда болады. Ал ұжымдық иммунитет үлесі 60%-дан асуы керек. Тимур Мұратов сондай-ақ екпе алуға болмайтын адамдар санаты бар екенін айтты.

«Басқа вакциналарды немесе дәрі-дәрмектерді енгізуге аллергиялық реакциясы бар адамдар санаты бар. Мұндай жағдайларда дәрігер пациенттің мәліметтерін мұқият тексеруі керек. Яғни, процедураға кіріспес бұрын жағдайын, денсаулығын, екпенің қауіпті тұстарын ойлау қажет. Сондай-ақ, қазіргі уақытта инфекцияны ауыр күйде өткеріп жүрген адамдарға вакцинация алуға болмайды, бұл тек вирустық екпелерге қатыс емес. Мұндай жағдайларда пациентке медициналық қарсы көрсетілім беріледі. Сондай-ақ, созылмалы аурулардың қатты өршуі бар азаматтарға вакцина алуға болмайды, бұл өз кезегінде адамға иммунды жүйені күшейтуге мүмкіндік бермейді. Оларға екпе алуға уақытша тыйым салынады. Әрине, қарсы көрсеткіштерге жүктілік, лактация және 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау да жатады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Тимур Мұратов сөзін қорытындылай келе, елорда тұрғындары мен қонақтарын вакцина алуға шақырды.
«Қалыпты өмірге ешқандай шектеусіз оралу үшін әрқайсымыздың үлесіміз қажет. Пандемиямен күресуге бір медициналық қауымдастықтың шамасы жетпейді. COVID-19- дан қорғанудың жалғыз тиімді жолы – вакцинация. Өйткені, бұл сіздің ағзаңызды инфекцияның ауыр түрінен қорғайды, сіз аурудың ауыр ағымына ұшырамайсыз. Өзіңіздің жəне айналаңыздағылардың денсаулығын ойлаңыз!» - деді Тимур Мұратов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109