1009

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында акция басталды

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған қала тұрғындары үшін "Елім үшін егілемін" азаматтық компаниясының логосымен білезіктер тарату акциясы ұйымдастырылды.

Акция егу пунктері ашылған медициналық ұйымдарда және сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде өткізіледі.

Екпенің бірінші компонентін алуға келген азаматтар вакцинация пунктерінде медицина қызметкерлерінен білезік ала алады.

"Жақында біз екпенің алғашқы дозасын алуға келгендердің барлығына осындай білезіктер бере бастадық. Вакцинаның қай түрін алуға келгеніне қарамастан тұрғындардың бәріне бірдей кішігірім сыйлық үлестіріледі. Мұндай акцияларды ұйымдастыру вакцинацияның маңыздылығын жақсы көрсетеді деп санаймыз. Өйткені, "Елім үшін егілемін" атауының өзі ұжымдық иммунитет қалыптастырып, пандемияны жеңу үшін бүкіл ел екпе алуы керек екенін ерекше көрсетіп тұр", - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова.

Білезіктер аз мөлшерде болады және тегін таратылады. Аксессуарларды тарату осы апта бойы жалғасады. Вакцинация пункті қызметкерлерінен білезіктердің бар-жоғын анықтап, егер болса екпе алған кез келген адам ала алады.

"Бұл бастаманың жақсы екені сөзсіз, оны бірнеше ай бойы жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Біз осындай шағын сыйлық қала тұрғындарының өз азаматтық ұстанымын білдіргені үшін берілетін сый деп есептейміз", - деп толықтырды А. Рүстемова.

Сонымен қатар, елорда тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысының уақыты ұзартылды. Осылайша, 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандардың екі бөлмелі пәтер ұтып алу мүмкіндігі бар.

Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында вакцинаның 1-ші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатыса алады.
Бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру мақсатында өткізіледі. Тек вакцинация ғана сіздің жəне жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді. Өйткені, басты мақсат - ұжымдық иммунитетті дамыту және бұрынғы карантинге дейінгі режимге оралу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109