652

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған тағы 8 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елорданың мониторингтік топтары күніне қаланың 100-ден астам кәсіпкерлік нысанын тексереді, оның барысында ондаған мекемеде карантин режимі бұзылғаны анықталады. Өткен тәулікте, яғни 1 қыркүйекте 8 мекемеде шектеу шаралары сақталған жоқ, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында карантин бұзушылар тізіміне үш қоғамдық тамақтану орны кірді: "Opus One" кафесі, "Мята" лаундж-бары, "Teqila" бары.

Сарыарқа ауданында орналасқан "Берлин" және "На мангале" кафелерінде карантин сақталған жоқ. Осыған ұқсас бұзушылықты Байқоңыр ауданындағы "Respawn" компютерлік клубында да тіркелді.

Алматы ауданында белгіленген жұмыс режимін "Шампурок" кафесі мен "Мята" бары елемеді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тиісті уәкілетті органдарға тапсырылды.

Айта кету керек, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын КВИ жұқтырған жаңа науқастар анықталады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109