958

Мұғалімдер бөлмесі мен асхана болған жоқ: Нұр-Сұлтанның шетінде тағы бір мектеп салынды

Өндіріс елді мекенінде (Байқоңыр ауданы) орналасқан №23 орта мектеп 1966 жылы салынған. Мектеп 700 орынға есептелген (2 ауысымда), ал оқушылар саны одан әлдеқайда көп. Оқу орнының тарлығына байланысты асхана, акт залы, әдістемелік кабинет, мұғалімдер бөлмесі болған емес, ал спорт залына оқушылар толығымен сыймайтын.

Бұл мектепке 2019 жылдың күзінде Мемлекет басшысы арнайы барып, мұнда жаңа оқу орнын салуды тапсырған болатын.

Осылайша, биылғы жаңа оқу жылында 1200 орындық бес қабатты мектеп есігін айқара ашты (2 ауысымда). Ол №23 орта мектеп аумағына салынды. Осыған дейінгі проблемалары шешілді. Яғни жаңа мекемеде асхана, үлкен спортзал, акт залы, мұғалімдер бөлмесі және т.б. ескерілді.

Мектептің жаңа корпусын салу кезінде материалдық-техникалық жарақтандырылуы да ескерілді: STEM және робототехника кабинеттері – онда оқушылар 3D-объектілерді құра алады, роботтарды үлгілей алады, ғылыми-техникалық білімді бірден практикада қолдана алады; интеллект кабинеті – мұнда балалар дебаттарға дайындалатын болады және т.б. Ел Президентінің атынан мектепке оқушылардың жайлы жүріп-тұруы үшін автобус берілді.

Мысалы, 2019 жылы 6 мектеп салынса, 2020 жылы 11 мектеп ашылды. Бұл үш ауысыммен оқытатын мектептер санын 8-ден 4-ке дейін, ал тығыздалған режимі бар мектептер санын 22-ден 14-ке дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Биыл тағы 15 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл 2021 жылы шамамен 40 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе және 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе көп.

Елордада алдағы 5 жылда жол картасы аясында 67 мектеп салу жоспарланып отыр. Мектептер бюджет есебінен де, МЖӘ және жеке инвестицияларды тарту есебінен де салынуда. Елорда әкімдігі инвестициялық кеңестерде 30-дан астам жеке меншік оқу орындарының құрылысына қолдау көрсетті. Айта кету керек, жекеменшік мектептер де қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109