1507

Елорданың спорт мектептеріне қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан қаласының  спорт мектептеріне 2021-2022 оқу жылына қабылдау басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада балалар мен жасөспірімдерге арналған 11 спорт мектебі жұмыс істейді. Қазіргі таңда 73 бөлімшеде 8032 бала спортпен тегін негізде шұғылданады. Оның ішінде олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлері бар.

Спорт мектептеріне қабылдау әр жылдың қыркүйек айынан қазан айына дейін жүзеге асады.

Ата-аналар алдымен балалары баратын спорт мектебі мен спорт түрін таңдайды. Өтініш жазып, бала денсаулығына спортпен айналысуға еш кедергі жоқ екені туралы дәрігер анықтамасы осы құжаттарды тапсырған соң іріктеуге шақырылады. Белгіленген нормативтерді орындаған балалар іріктеу негізінде спорт мектептеріне қабылданады.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері мен олимпиадалық резертерді дайындайтын спорт мектептерінде балаларды біліктілігі жоғары жаттықтырушылар, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері жаттықтырады.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін жаттығу залы мен үйі арасында қатынайтын арнайы инва таксилер қарастырылған.

Қосымша сұрақтар бойынша 55-67-53, 55-75-61 нөмерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109