912

Нұр-Сұлтанда қауіпсіздік ережелерін бұзған құрылыс нысандарының жұмысы тоқтатылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында құрылыс нысандарындағы өндірістік жарақаттануды азайту бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала кәсіпорындары, әсіресе құрылыс нысандары қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай сақтауы қажет. Адам өмірі мен компаниялардың беделі осыған тікелей байланысты. Өндірістік жарақаттануды азайту үшін бірқатар жүйелі шара қабылданып жатыр. Бүгін әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия отырысында өзекті мәселелер қаралды. 

Осылайша, кәсіподақ және жұмысшылар конфедерациясымен бірлесіп, нысандарда қауіпсіздік ережелерін сақтау жұмысын қосымша күшейтеміз. Тәртіп бұзылған жағдайда қызметкерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейінше құрылыс нысандарының жұмысы тоқтатылады.

Бұдан басқа, құрылыс нысандарында қауіпсіздік шараларын сақтауға арналған мониторинг жұмыстарын қосымша күшейтеміз, еңбек қызметі тараптарының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру үшін кәсіпорындарға бару жалғасады. Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер департаменті жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мәселелерін бақылауда ұстауы, ірі қарызгерлердің төлемдер мәселелерін шешуі қажет», - деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109