983

Елорда тұрғындарының қан тапсыруы үшін донорлық автобус ұйымдастырылды

Қан тапсыруға ниет білдірген елорда тұрғындары 3 қыркүйекте ұйымдастырылған мобильді станцияда донация процесінен өте алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласының қан орталығының донорлық автобусы азаматтарды қан тапсыру үшін қабылдайды. Мобильді станция қалалық әкімдік ғимаратына қарама-қарсы, яғни Бейбітшілік көшесі, 11 мекенжайындағы қалалық алаңда орналасатын болады.

Дәрігер-терапевт пен медбике адамның қан тапсыра алатынын тексереді. Жылжымалы қан құю станциясы донор мен персонал үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған.
Онда сіз тез және барлық санитарлық талаптарға сәйкес біреудің өмірін сақтай алатын қан тапсыра аласыз.

«Әркімнің өмір сүруге құқығы бар! Қала тұрғындарының мұндай сәтті пайдаланып, игі іс жасауға тамаша мүмкіндігі бар. Қан тапсыру арқылы сіз өмірді сақтап қана қоймай, денсаулығыңызға аздап бақылау жасай аласыз. Өйткені, бұл ағза үшін де пайдалы», – деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Аталған іс-шараны елорда әкімдігі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласының қан орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109