1110

Нұр-Сұлтанда екпе алғандар арасында өткен ұтыс ойынының жеңімпаздары белгілі болды

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың жеңімпаздары белгілі болды. Тағы екі iPhone12 мен тұрмыстық техниканың сегізінші ұтыс ойыны 28 тамызда (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтті.

Сегізінші ұтыс ойынына 21 тамыз бен 27 тамыз аралығында (қоса алғанда) вакцинацияланғандар қатысты.

Сегізінші ұтыс ойынының жеңімпаздары:

1) № 7613 Әділбек Әбенов – iPhone 12;

2) № 197 Гүлжазира Нұғыманова – iPhone 12;

3) № 2507 Кереева Динара Зараповна – «Мечта»дүкендер желісінің тоңазытқышы;

4) № 6689 Кумаков Сабыржан Сайлаубекұлы – «Мечта» дүкендер желісінің теледидары

5) № 5186 Хамитова Дидар Амангельдиновна – «Мечта» дүкендер желісінен кір жуғыш машинасы.

Вакцинацияланғандардың арасында соңғы үлгідегі iPhone телефонының 19 данасы, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машиналар, Алиса ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш және т.б. ойнатылды.

Елорда тұрғындарының өтінішін ескере отырып, вакцинацияланғандар арасында өтетін екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны ұзартылды. Осылайша, 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында (28 қыркүйек қоса алғанда, бұрын 31 тамыз болған) Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандардың екі бөлмелі пәтерді ұтып алу мүмкіндігі бар. Ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатыса алады.

Бұл ұтыс ойындарына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Ұтыс ойынына қатысу автоматты, арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Қала әкімдігі бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын демеушілер есебінен өткізеді.

Birge платформасында (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол екпе алғандар арасында ID арқылы жүлде иелерін таңдайды. Әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары қала тұрғындары мен қонақтарын вакцинациялауға ынталандыру үшін өткізіледі. Тек вакцинация сіздің де денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың да денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді. Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және бұрынғы карантинге дейінгі режимге оралу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109