879

Елорданың Достық үйінде Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы талқыланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Маңызды жиынды Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы бірлесе ұйымдастырды.

Іс-шара мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындайтын міндеттерді іс жүзінде дәйекті орындау, оны жас ұрпаққа, еңбек ұжымдарына кеңінен түсіндіру және алда бірлесіп атқарылатын жұмыстар барысын саралау.

Жиын маңызын жан-жақты ашып көрсеткен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында барлық салаға қатысты негізгі мәселелердің, соның ішінде жастарды қолдауға арналған маңызды мәселелердің қамтылғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, баршамыз үшін ең маңызды болып саналатын – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы ортақ істі бірігіп атқаруға жұмылдырады. Шынтуайтында елдегі бейбіт өмір мен қоғамдағы тұрақтылықтың нәтижесінде тыныштық орнап отыр. Сондықтан жастарымыз осы игіліктерді бағалай білуі қажет», – деді ол сөз орайында.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ директоры Е. Шәуенов, ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы, ҚХА кеңесінің мүшесі Т.Джумурбаев, ҚР «Дустлик» өзбектер ассоциациясы жастар қанатының» төрағасы, ҚХА мүшесі Ш.Пулатов, Алматы қаласы «Қазақстан ұйғырлары жастар одағының» төрағасы, ҚХА мүшесі Р.Кайрыев және де басқа аймақтардан онлайн негізінде жиынға қатысқан ҚХА өкілдері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауын бірауыздан қолдайтынын мәлімдеп, онда көрсетілген негізгі міндеттерді тиянақты орындайтындарына сенім білдірді.

Әлемді алаңдатқан пандемияның зардабы адамзат баласын әбігерге салып, баршамызды мықты болуға, аса сақ болуға үндеді. Бұл жөнінде Президент өз Жолдауында айрықша атап өткен болатын.

«Қай кезде де елдік мүддені көздейтін істерді дәйекті түрде орындау жөнінен қалыс қалмайтын Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы пандемия кезінде мұқтаж жандарды қажетті заттармен қамтып, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырды», – делінген ҚХА хабарламасында.

Жалпы жиын қатысушылары Жолдауда нақтыланған барлық міндетті іс жүзінде орындауға уағдаласып, оны еңбек ұжымдарына түсіндіру өз нәтижесін табатынына сенім білдірді.

Атап өту керек, бұл шара еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің караниндік талаптарды сақтауға қатысты қаулысына сәйкес, қатаң түрдегі талаптарды бұлжытпай орындай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109