945

Нұр-Сұлтанда инфекциялық стационарлар кезең-кезеңімен жабылады

Коронавирус індетінің төмендеуіне байланысты қалада ковидтік стационарлар кезең-кезеңімен жабылатын болады. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасында өткен онлайн брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«КВИ ауруының төмендеуіне байланысты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаларды жабу туралы шешім қабылдады, олар қажеттілікке байланысты мамыр-шілде айларында жұқпалы аурулар ауруханасына қайта бейімделген болатын. Соңғы 2 күнде біз 370 төсек-орны бар 3 ковидті стационарды жаптық. Олар: Қалалық психикалық денсаулық орталығы, ҰҚК госпиталі және өзге екі аурухана», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, келесі аптада эпидемиологиялық жағдайға байланысты ковидтік стационар ретінде ашылған қаланың тағы екі ауруханасында инфекциялық төсектер жиналады.

«Бұл – 366 төсектік №3 көпбейінді қалалық аурухананың клиникалық және акушерлік блогы және академик Н.Д. Батпенов атындағы 112 төсектік Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы», – деп қосты спикер.

Сонымен қатар, ведомство өкілі қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарамастан карантин шараларын сақтау керек екенін айрықша атап өтті.

«Жұрт назарын қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанына қарамастан вирус жойылмағанына аударғым келеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, осымен екінші жыл қатарынан сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі жазғы кезеңге, демалыстарға орай келіп отыр. Ең бастысы – санитарлық нормаларды толық сақтау және вакцинация. Вакцинацияның көмегімен біз аурудың деңгейін төмендетіп, инфекцияның таралуын тоқтата аламыз», – деді Әлия Рүстемова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109