1078

Жазда болған жағдайдың қайталанғанын қаламаймыз: мектеп оқушыларының ата-аналарын екпе алуға шақырды

Қалалық әкімдікте өткен онлайн-брифингте үйінде мектепке, университетке баратын балалары бар ата-аналардың коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алу маңыздылығы айтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Әлия Рүстемова азаматтарды оқу жылының басталуын ескере отырып, вакцинацияны кешіктірмеуге шақырды.

«Егер біз жазғы жағдайдың қайталанғанын әлі де қаламасақ, өз денсаулығыңызға және жақындарыңызға жауапты болуыңызды сұраймын. Оқу жылы басталды, оқушылар мен студенттер дәстүрлі оқыту форматына оралды. Бұл әрине, қуанышты жаңалық, бірақ біз балалар мен жасөспірімдердің білім беру мекемелерінде жұқпалы ауру жұқтырғанын, білім ошақтарына карантин енгізілгенін қаламаймыз. Балалар офлайн оқиды, сол себепті ата-аналардың екпе алуы өте маңызды. Тек осылай ғана біз балаларды індеттен сақтаймыз», – деді Ә.Рүстемова.

Спикер егер ересектер вакцинацияланса, балалар оқуын офлайн форматта еш қиындықсыз жалғастыра алатынын айтты. Ол сонымен қатар қала бойынша қанша бала коронавируспен ауырып жатқанын мәлім етті.

«Қазіргі уақытта стационарларда 43 бала емделіп жатыр. Қуанарлығы, реанимация бөлімшесінде жатқан балалар жоқ. Жыл басынан бері балалар арасында коронавируспен ауыратындардың саны 10 мыңнан асты. Бұл – стационарлық және амбулаториялық пациенттер», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Оның айтуынша, оқу жылының басталысымен мектеп жанындағы медицина қызметкерлері нұсқама өткізіп, оқушыларға эпидемиологиялық талаптарды сақтау керектігін түсіндірді.

Мектеп оқушыларына қол гигиенасын сақтау, бетперде тағу маңыздылығын түсіндіру жұмысы одан әрі жалғасатын болады, деп толықтырды қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109