1095

Елордадағы вакцинация қарқыны: екпе алғандардың қатарын кімдер жиі толықтыра бастады

КВИ-ға қарсы вакцина алғысы келетіндердің арасында колледждердің 3-4 курс студенттері мен жоғары оқу орындарының студенттерін жиі кездестіруге болады. Бұл туралы брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Жалпы, қала бойынша вакцинациялау қарқынының артқаны байқалуда, тұрғындар өздерінің азаматтық позицияларын көбірек көрсетуде және вакцинацияланғандардың қатарын толықтырып жатыр. Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің 3-4 курс студенттері екпе ала бастады. Аға буын да жастардан қалмай, инфекциядан қорғану үшін екпе алып жатыр», – деді Ә.Рүстемова.

Сондай-ақ брифинг барысында қаланың қанша тұрғыны вакцинацияланғаны белгілі болды.

«Бүгінгі таңда елордада бірінші компонентті 407 мың адам алды, яғни тиісті контингенттің 63%-ы», – деп толықтырды Әлия Рүстемова.

Оның айтуынша, бүгінде қала бойынша вакцинаның 3 түрі бар: отандық QazVac вакцинасы, ресейлік "Спутник" және қытайлық Sinofarm вакцинасы.
Сондай-ақ, азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін елорда әкімдігі апта сайын түрлі құнды жүлделердің ұтыс ойындарын өткізіп, екпе алғандар үшін акциялар өткізді, деп еске салды спикер.

Елорда тұрғындарының өтінішін ескере отырып, вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысының уақыты ұзартылды. Осылайша, 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында (28 қыркүйек қоса алғанда, бұрын 31 тамыз болған) Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандардың екі бөлмелі пәтер ұтып алу мүмкіндігі бар. Ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатыса алады.

Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ.

Бұған қоса, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған қала тұрғындары үшін «Елім үшін егілемін» азаматтық компаниясының логосынан білезіктер тарату акциясы ұйымдастырылды. Акция екпе пунктерінде вакцинаның алғашқы компонентін алғандар арасында өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109