1144

Елордада эпидемиологиялық жағдай жақсарды

Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. Қаланың ковидтік стационарларында науқастардың саны өткен аймен салыстырғанда азайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемованың айтуынша, қалада тіркелген науқастардың саны тамыз айымен салыстырғанда 3 есе азайды.

«Соңғы аптада КВИ-дің жаңа тіркелген жағдайларының саны күніне орта есеппен 470 жағдайды құрайды (тамыздың бірінші он күндігінде 1300-ден асқан). Соңғы тәулікте 384 жаңа жағдай тіркелді. Тиісінше, стационарларға түсетін науқастар саны тамыз айының басындағы 320-дан бүгін 120-ға дейін төмендеді», – деп хабарлады ол.

Бүгінгі таңда 1 484 науқас инфекциялық стационарларда жатыр, жүктеме 41%-ды құрайды.

«Егер осы көрсеткішті тамыз айының басында 2 900-ге жеткен болса, қазір ковидтік стационарлардағы пациенттер екі есеге төмендегені байқалады. Реанимациялық бөлімшелердегі науқастардың саны да азайды, бүгінгі таңда мұндай пациенттердің саны 153, оның ішінде ӨЖЖ-де 33 адам жатыр. Жаз мезгілінде реанимациялық төсектер 230 және одан жоғары емделушілерді қамтыды. Аурудың деңгейі қайтадан өспеуі үшін санитарлық талаптарды сақтау және карантиндік шараларды ұстану қажет», – деп қосты спикер.

Сондай-ақ, ведомство өкілі жедел жәрдемге, БМСК ұйымдары жанындағы мобильді бригадаларға түсетін жүктеме азайғанын айтып өтті. Мәселен, жазда жедел жәрдем станциясына жүгіну саны тәулігіне 4 мыңға жетсе, қазір –2400. КВИ бойынша қоңыраулар да азайды, тәулігіне 100-120. Жазда күніне 300-350-ге жеткен болатын.

Әлия Рүстемова өз сөзінде вакцинациялау және бұл істі кейінге қалдырмау маңызды екенін айтып өтті. Мамандар вакцинацияның көмегімен азаматтар арасында аурудың өсуін, вирустың таралуын болдырмауға болатынын атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109