998

Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде 6 мекеме карантин шектеулерін бұзды

Елорданың мониторигтік топтары қаланың кәсіпкерлік объектілерінде коронавирус пандемиясына байланысты шектеу шараларының сақталуын тексере отырып, күшейтілген тәулік бойғы режимдегі жұмысын жалғастыруда. Өткен тәулікте, 2 қыркүйекте карантин талабын бұзған 6 мекеме анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданының мониторингтік тобы "Fashionbar" караоке-барында, "Velluto" кафесінде және "Alanya" барында жұмыс режимінің сақтамағанын тіркеді.

Карантин бұзушылар тізіміне Байқоныр ауданында орналасқан "Мята" бары мен "Бистро" кафесі, сондай - ақ Сарыарқа ауданында орналасқан "Oasis" кафесі кірді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты барлық жиналған материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Айта кету керек, КВИ-мен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне қарамастан, елорда эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймақта қалып отыр. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек: маска режимі, әлеуметтік қашықтық және қол гигиенасы. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтар коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі қажет, өйткені вакцинация қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып табылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109