1047

Алтай Көлгінов әкімдік жұмысының бағыттарын белгіледі

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Президент Жолдауын іске асыру бойынша қала активімен онлайн-кездесу өткізді.

«Оқу орындарының және әлеуметтік баспана құрылысынан бастап қаланы абаттандыру және ШОБ-қа қолдау көрсетуге дейінгі жұмыстар бір-бірімен астасып жатыр. Осы немесе өзге бағыттар қалай жұмыс істейтіні қалада өмір сүрудің жалпы жайлылығына әсер етеді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес тиісті бағыттар бойынша жұмыстар күшейтілді. Жеңілдікті қолжетімді тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударамыз: тек соңғы үш жылда қолжетімді тұрғын үй саны 5,5 еседен астам ұлғайды.

Сонымен қатар, биыл 15 мектеп пайдалануға беріледі, бұл – 40 мыңнан астам жаңа оқушы орны. Салыстырар болсақ, 2020 жылдан екі есе, 2019 жылдан төрт есе көп. Құрылыс кезінде мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын, оның ішінде инклюзия кабинеттерін ескереміз. Себебі, мүмкіндігі шектеулі жандардың бейімделуі мен әлеуметтенуі үшін барлық жағдай жасау қажет», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, педагогтар мен оқушыларға қосымша қолдау шаралары көрсетіледі: 2024 жылға дейінгі жалақы жыл сайын 25%-ға өседі, мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін жағдайлар жасалады, кадрларды тарту үшін жыл сайын білім гранттары бөлінеді және т.б. Ал әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету үшін жалпыға міндетті оқу аясында елорда әкімдігі биыл 800 млн теңге бөледі.

«Маңызды бағыттардың бірі балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау болып саналады. Қазір қалада 8 мыңнан астам баланы қамтитын 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Қосымша қаржыландыру бағыты есебінен балаларды қамту үлесін 50%-дан астамға ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ аула клубтарының санын арттырып жатырмыз», - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спорт дамудың басым бағыты болып саналады. Ол үшін қалада спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде. 2 жыл ішінде 400 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды, онда қала тұрғындары таза ауада бос уақытын өткізе алады, сол сияқты түрлі спорт түрлерімен айналыса алады. Қаланың төрт елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері және т.б. пайдалануға беріледі.

Елорда қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып дамуда. Тиімді байланыс орнату үшін апта сайын азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Әкімдік ашқан Жанұя, тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық, iQala (Қошқарбаева, 29), жастарға қызмет көрсету орталығы (Гете, 1) сияқты әлеуметтік орталықтар да тұрғындардың проблемаларын білуге және келіп түскен мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдауға көмектеседі. Халықпен жұмыс істеуде маңызды рөлді iKomek орталығы да атқарады.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109