1260

Елордалық онкологтар Қытайдың жетекші мамандарымен кеңес өткізді

Нұр-Сұлтанда онкология саласындағы мамандар Қытай мен Қазақстанда жатыр мойны обырын ерте диагностикалау және емдеу бойынша біліктілікті арттыру онлайн-семинарын өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Онлайн семинар 2-3 қыркүйекте Нұр - Сұлтан қаласындағы көпсалалы медициналық орталық базасында өтті. Оның барысында қазақстандық онкологтар шетелдік әріптестерінен тәжірибе алды. Сондай-ақ, скрининг пен вакцина саласындағы қытайлық инновациялық технологиялар бүкіл әлемде жатыр мойны обырын жоюға қалай көмектесетінін білді. Жатыр мойны обырының иммунотерапиясы, жүктілік кезіндегі HPV зерттеулерінің барысы талқыланды.

Қытайдан келген онкологтар жатыр мойны обырын скринингтеу бойынша американдық акушер-гинекологтар алқасының ұсыныстарымен бөлісті.

Онлайн жиналыс Қазақстан онкологтарының, ШҰАА халық ауруханасының директоры Кан Сяоцзиннің және Қытай Халық Республикасының көптеген профессорларының қатысуымен өтті. Онлайн семинар аясында барлығы 23 адам өз дағдылары мен тәжірибесін арттырды.

"Бізге қатерлі ісік, оны ерте диагностикалау және осы ауруды анықтау мәселелері бойынша өзекті тақырыптарды шетелдік мамандармен талқылау өте маңызды. Бүкіл әлемде қатерлі ісіктердің алдын алуға ерекше мән беріледі. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтары қатерлі ісікке жол бермеу мәселесіне мүдделі. Ол үшін уақтылы диагноз қою, дәрігерлерге қаралу және денсаулығыңызды бақылау маңызды. Әріптестерімізбен осы күндері жемісті жұмыс істедік", - деді Нұр - Сұлтан қаласындағы көпсалалы медициналық орталықтың директоры Мұхтар Төлетаев.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109