1253

Елордалық мейрамханада карантиндік шектеулерге қарамастан 60-қа жуық адам көңіл көтерді

Елорданың мониторингтік топтары күн сайын кәсіпкерлік объектілерінде карантиндік шектеулердің сақталуын тексереді. Көңіл көтеру орындары карантиндік шектеулерге қарамастан санитарлық талаптарды бұзуын тоқтатар емес. Мәселен, өткен тәулікте 6 нысанда карантин талаптары сақталмағаны анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданының мониторингтік тобы "Horeca" мейрамханасын тексеру кезінде 60-қа жуық адам болғанын анықтады, карантин жағдайында мұндайға жол берілмейді, өйткені әлеуметтік қашықтық сақталмайды. Сонымен қатар, мекеме жұмыс режимін бұза отырып жұмыс істегені белгілі болды.

"Monte Bianco Hotel Astana" қонақ үй-мейрамхана кешенінің караоке-барында да белгіленген жұмыс уақыты сақталған жоқ, бұл ретте тексеру кезінде ішінде 40 адам болғаны анықталды.

Сондай-ақ тұрғындардан түнгі уақытта "Derby pub" бары тыныштықты бұзғаны туралы шағым түсті. Тексеру кезінде мекемеде 8 адам болған. Меншік иесі түсініктеме беруден бас тартты, сол себепті Есіл ауданының полиция бөліміне хабар берілді.

Сарыарқа ауданында орналасқан "Let's play" кафесі мен "Мята" лаундж-барында да карантин режимі сақталған жоқ. Байқоңыр ауданындағы "Corner 65" компьютерлік клубында да осындай бұзушылыққа жол берілген.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Айта кету керек, COVID-19 індетінің төмендегеніне қарамастан елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша "қызыл" аймақтан әлі шыққан жоқ. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек: маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы. Азаматтар өздерінің де, өзгелердің де денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі керек, өйткені иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып саналады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109