1415

ШҚО тауар өндірушілері Нұр-Сұлтанға 300 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін әкелді

Елордадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Екі күнге созылатын жәрмеңкеде 300 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағада сатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бас қалада биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Сонымен қатар көкөніс, жеміс-жидектердің пісетін уақытын ескердік. Үшінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан облысының 15 ауданы мен 2 қаласынан құны 500 миллон теңгеге жуық ауылшаруашылық өнімдері әкелінді. Тұрғындар белсенділік танытып, жәрмеңкеге таңғы 7-ден жиналыпты, негізі 8:00-де басталуы керек еді. Қазір сауда қызып тұр. Барлық тауар еш қиындықсыз әрі санитарлық талаптарға сай жеткізілді. Жәрмеңкеге келушілердің санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауы бақыланады. Сондай-ақ ашық базарда саудагерлер мен тұтынушылардың маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы да қадағаланады», – деді Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысы Ержан Балтаев.

Шығыстан жеткізілген азық-түліктің қатарында ет және сүт өнімдері, бал, балық, жеміс-жидек пен көкөністер, шұжық өнімдері, күнбағыс майы, үн-жарма, түрлі дақылдар бар. Бағасына тоқталсақ, жылқы етінің 1 келісі – 2000-2400 теңге, тауық етінің 1 келісі 900-1000 теңге аралығында. Балық бағасы 1000-1800 теңге, картоп, қырыққабат, пияз келісі 120 теңгеден, ал сәбіздің келісі 130 теңге. Жалпы, елордаға 30-ға жуық өнім түрі жеткізілген.

«Нұр-Сұлтан қаласынының төрінде жаймашуақ ауа райында өтіп жатқан жәрмеңке халықтың көңілінен шығып жатыр. Жәрмеңкеге 45 тонна жылқы етін әкелдік. Бізде өкінішке қарай, вакцинация аймағы деген бар. Шығыс Қазақстан соған кіретіндіктен сиыр, қой етін сата алмаймыз. Малға вакцина салдырғаннан кейін оны әкелуге рұқсат жоқ. Елордалықтар жылқы етін жақсы сатып алып жатыр. Сонымен қатар 40 тонна бал, 100 тонна картоп әкеліп отырмыз. Біздің басты мақсатымыз – ақша тауып қалу емес, өз өнімдерімізді, аудан брэндтерін астаналықтарға ұсыну», – деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев.

Жәрмеңкеге өз тауарларын сатуға келгендер және оны арзан бағамен сатып алғандар да риза. Малина жәшігін көтерген ағамызды сөзге тартып едік, тосап қайнату үшін алып жатқанын айтып, бағасының да айтарлықтай арзан екенін жеткізді.

«Осы жәрмеңкені арнайы күттік. Мұнда барлық қажетті өнімдер ұсынылған. Бүгінгі жәрмеңке көңілімізден шығып отыр. Мұндағы кейбір тауар бағасы қара базардан әлдеқайда арзан екен. Қысқа азық дайындау керек қой, банкі жабу үшін жеміс-жидек, көкөністерді жәрмеңкеден алмасаң, дүкендердегі баға басқа. Ет, сүт өнімдерін алдым. Елордада жыл сайын осындай жәрмеңкелер өткізілетініне, бұл жұмыстар болашақта да жалғаса беретініне қуаныштымын», – деді қала тұрғыны Серік Күмісбеков.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы 31 қазанға дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109