1172

Нұр-Сұлтанда өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмысы жүріп жатыр

Жылыту маусымы қарсаңында Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Алматы аудандық басқармасы жеке тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тамыз айынан басталып сәуір айына дейін жалғасатын жылыту маусымында жеке тұрғын үйлер көмірмен жылытылады. Тиісті талаптарды сақтамау өрт оқиғаларының орын алуына себеп болады. Осыған орай өрт сөндірушілер тұрғындармен кездесіп, оларға тілсіз жаудың алдын алу бойынша кеңес береді.

«Аудандағы жеке тұрғын үй секторында 7 мыңға жуық үй бар. Өткен жылы ауданда 47, биыл 72 өрт оқиғасы болды. Алдағы уақытта осындай оқиғалар болмас үшін үйлерді аралап шығамыз. Өздеріңізге белгілі жұмыс күндері көп адам үйінде болмайды. Сондықтан аралау жұмыстары демалыс күндері де жүргізіледі. Тұрғындар рұқсат беріп жатса үйлеріне кіріп, пештің жағдайы, үйдегі электр құрылғылардың орналасуын өз көзімізбен көріп шығамыз. Жылыту маусымында тұрғындар көмірді пайдаланады. Сондықтан оларға түтін шығатын мұржаны 2 айда бір рет тазалауға кеңес береміз. Аралау кезінде әлеуметтік жағдайы төмен топтарға баса назар аударылады. Өткен жылы қала әкімдігінің қаржыландыруымен 11 үйге арнайы дыбыстық белгі беретін құрылғы орнатып бердік. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Өртті сөндіруден оның алдын алған оңай. Біздің қазіргі жұмысымыз дәл осы мақсатты көздейді», – дейді Алматы аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Алмас Ережепов.

Сала мамандары тұрғындарды мейлінше өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109