1476

Нұр-Сұлтанда кварталдарды кешенді реновациялау жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының желісі бойынша 25 көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделіп, 34 лифт ауыстырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Елордамыздың кварталдарына кешенді реновация жүргізуді жалғастырамыз. Тұрғын үй қорын жаңартып, қалпына келтіріп жатырмыз. Қалада проблемалық тұрғын үй кешендері бар екені құпия емес: қасбеттік бөлігі бойынша да, үйлердің шатыры бойынша да және т.б. Тек "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының желісі бойынша ғана биыл 25 көппәтерлі тұрғын үй кешенін жөндейміз, 34 лифтіні ауыстырамыз. 

Бүгін қаланы аралау барысында Байқоңыр ауданындағы (Жұбанов көшесі) бірқатар тұрғын үй кешеніне жөндеу жүргізу жұмыстарының барысымен таныстым. Үйлерде шатырды, қасбетті, кіреберістерді жөндеу, инженерлік желілерді ауыстыру және жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, күрделі жөндеу жүргізу тұрғындар үшін үйлерде жайлы тұруға мүмкіндік беріп қана қоймай, тұрғын үй кешенінің келбетін жақсартады.

Өткен жылы өзге бағдарламалармен бірге 50 көппәтерлі қауіпті тұрғын үй кешені жөнделді, оның ішінде халық арасында танымал "Орбита" апатты тұрғын үй кешені де болды. Сондай-ақ, жел кезінде ұшатын плиталарымен "танымал" "Территория комфорта-2" болды. 

Бағдарлама ауқымды болмақ. Келесі жылы "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы бойынша ғана 25 КТК астам жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 30-дан астам лифтіні ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, тұрғын үйді жөндеу бойынша бірқатар басқа бағдарламалар бар.

Тұрғын үй кешенін жөндеумен қатар, аулаларды абаттандыру бойынша да жұмыстар жүргіземіз: жайлы аула алаңдарын салу, сондай-ақ кварталішілік жолдарды асфальттау, желілер тарту және т.б. Үйінен шыққан соң тұрғындар балдымен аулаға аяқ басады. Мұнда таза ауада жайлы уақыт өткізу үшін жағдай жасау өте маңызды. Екі жыл ішінде 400 аула мен қоғамдық кеңістік салынып, жөнделді. Аулаларды құру процесіне де тұрғындарды тартамыз. Ауланың қандай болатынын қала тұрғындары шешеді», – деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109