1183

Нұр-Сұлтанда бір күнде 8 мекеме карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елорданың мониторингтік топтары тәулік сайын жүзден астам кәсіпкерлік нысанын тексереді. Бір ғана рейдтің өзінде карантин режимін бұзған ондаған мекеме анықталды. Өткен тәулікте, яғни 4 қыркүйек күні қалада 8 мекеме шектеу шараларын сақтаған жоқ, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Сарыарқа ауданында "EL classico" ойын клубы мен "Nirvana" түнгі клубы карантин талаптарын сақтаған жоқ. 

Алматы ауданының тәртіп бұзушылар тізіміне "Достар" ойын клубы, "Малена" және "Панаехали" барлары енді.

Сондай-ақ, Есіл ауданында орналасқан "Tequila" және "Ray Bar" барларында белгіленген жұмыс режимі ескерілмеді.

Байқоңыр ауданындағы "Панаехали" барында да карантин бұзылды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.

Айта кету керек, COVID-19 індетінің төмендегеніне қарамастан елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша "қызыл" аймақтан шыққан жоқ. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек: маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы. Азаматтар өздерінің де, өзгелердің де денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі керек, өйткені иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып саналады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109