1159

Нұр-Сұлтанның барлық ауданы «бюджетке қатысу» жобасына атсалысып келеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша биылдың өзінде 50-ден астам аула абаттандырылғанын, сол сияқты  екі жыл ішінде 400 қоғамдық кеңістік пен аула салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елордада жыл сайын қала тұрғындары бос уақытын таза ауада өткізе алатын тартымды орындар көбейіп келеді. Бұл – аулаларымыз бен қоғамдық кеңістіктеріміз (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар). Аулаларды абаттандыруды жобалау үшін көпқабатты үйлердің тұрғындарын жұмылдырамыз.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында бюджетке халықтың қатысуы маңызды басымдық болып саналатынын атап өтті, «Халықтың бюджетке қатысу» жобасы» бастамаларды азаматтардың нақты қажеттіліктеріне сәйкес іске асыруға мүмкіндік береді. Президенттің тапсырмасы бойынша абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бюджетіне «халықтың қатысу» үлесі 10 есеге артты.

«Бюджетке қатысу» жобасы алғаш рет елордада 2019 жылы іске қосылды. Жоба Сарыарқа ауданынан бастау алды. Кейін Алматы және Есіл аудандарын қостық. Осы жылы аталған жобаны елордамыздың барлық ауданында жүзеге асырамыз. «Халықтың бюджетке қатысу» жобасы – ауласы қандай болатынын тұрғындардың өзі шешеді. Тұрғындар аудандық әкімдіктерге өтінім беріп, өз ауласының келбетін ұсынады: қандай орындар салу керек, қандай спорт алаңдары қажет және т.б.

Мысалы, «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша биылдың өзінде 50-ден астам ауланы абаттандырдық, өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Осылайша, Сарыарқа ауданында – 10 аула, Байқоңыр ауданында – 27 аула, Алматы ауданында – 5 аула.

Екі жыл ішінде біз 400 қоғамдық кеңістік пен ауланы салдық. Қаланың оң жақ бөлігі мен елді мекендерге үлкен көңіл бөлінді», – деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109