1624

Елордада Тұран даңғылындағы Bus Lane уақытша алынады

Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың 6 қыркүйегінен бастап Тұран даңғылындағы Bus Lane автобус жолағы уақытша алынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өзгеріс Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі әуежай бағытындағы учаскеге ғана енгізіледі.

Bus Lane жолағын уақытша алып тастау туралы шешімді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі көшелердің өткізу қабілетін жақсарту үшін, сондай-ақ оқу кезеңінің басталуына және кейіннен елорда көшелеріндегі автомобиль трафигінің ұлғаюына байланысты қабылдады.

Осы учаскедегі Bus Lane жұмысы бірқатар ірі инфрақұрылымдық шешімдер енгізілгеннен кейін қалпына келтіріледі, олардың бірі Ш.Айтматов баламалы көшесінің құрылысын аяқтау болып саналады.

Айта кету керек, Тұран даңғылындағы Керей Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін «Хан Шатыр» СОО бағытында Bus Lane жолы өзгеріссіз қалады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Ол үшін Yandex картасы, 2GIS ыңғайлы мобильді қосымшалары бар.

Сондай-ақ, қала көшелерінде тұрақты маршруттық автобустар қозғалысының басымдылығын есте ұстаған жөн.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109