1334

Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында күрделі әрі кезек күттірмейтін міндет тұр – Ілияс Түстікбаев Президент жолдауы туралы

«Қазақстан студенттер Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының президенті Ілияс Түстікбаев Президенттің Қазақстан халқына жолдауын, атап айтқанда, жастар үшін белгіленген міндеттердің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Спикердің пікірінше, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандық жастардың мәселелері мен оған пандемияның әсеріне ерекше назар аударды.

«Шынында да, Президент атап өткендей, біз 21 ғасырда өмір сүрсек те, пандемия біздің мемлекеттік жүйеміз жаңа қиындықтар мен жұмыс істеудің басқа әдістеріне дайын емес екенін көрсетті. Соңғы 2 жылда пандемияға байланысты біз білім беру саласындағы өзгерістер мен реформалардың куәсі болдық, қашықтықтан оқытуға көштік. Бірақ қашықтықтан оқытуды дәстүрлі форматпен салыстыруға келмейді», - деп атап өтті Ілияс Түстікбаев.

Оның айтуынша, жыл сайын жоғары оқу орындарына және ТжКБ-ға грант бойынша 100 мыңнан астам адам түседі, сондай-ақ ақылы негізде оқитындар да бар. Бірақ нәтижесінде түлектер мен жас мамандардың бәрі бірдей жұмысқа орналаса алмайды. Мамандық бойынша жұмыс таба алмайтындар да бар, олар NEET және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және т. б. санатқа кіреді.

«Осыған байланысты бізге талдау жүргізіп, 5, 10 және 15 жылдан кейін сұранысқа ие болатын мамандықтар тізімін жасау қажет. Соған қарап, мемлекеттік гранттарды дұрыс бөлу, мемлекеттік қолдау шараларын өзектендіру, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтендіру және алғашқы уақытта көмек көрсету керек. Президент қазақстандық білім берудің алдында күрделі де кезек күттірмейтін міндет тұрғанын дұрыс айтты, бұл тек сапалы білім беру мен жаңа белестерді бағындыру ғана емес, бір қадам алда болу, трендтер қалыптастыру және ЖОО - лардың өздері, мемлекеттік органдардың салалары жастармен бірдей қозғалуы тиіс», - деп атап өтті Қазақстан студенттер альянсының басшысы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109