1102

Алтай Көлгінов кезекті рет қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында азаматтарды кезекті рет онлайн қабылдағанын және қала тұрғындарының проблемаларын шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға апта сайынғы азаматтарды қабылдау, аудандарды аралау, тұрғындармен кездесулер өткізу көмектеседі. Өткен аптаның соңында ұйымдастырылған онлайн-қабылдауға 12 адам қатысты. Келіп түскен сұрақтарды қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлеміз. Биылғы 8 айда әріптестеріммен, оның ішінде аудандық әкімдіктермен бірлесе 1,5 мың азамат қабылданды. Осылайша, келіп түскен проблемалар есебінен бірқатар шара қабылданды: тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар санатын кеңейттік, тұрғын үй сертификатының мөлшерін 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық, оңалту орталықтарының желісін кеңейттік, аудандардың даму жоспарын қарастырдық және т.б.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты принципі – мемлекеттік аппараттың азаматтардың мүддесін ескере отырып жұмыс атқаруында.

Уақытылы көмек көрсету және кеңес беру үшін Жанұя (Бейбітшілік, 14), тұрғын үй бағытында бірыңғай қызмет көрсету орталығы (Республика даңғылы, 32), iQala, (Қошқарбаева, 29), жастарға қызмет көрсету орталығы (Гете, 1) сияқты әлеуметтік орталықтар ашылды. 2021 жылдың басынан бастап аталған орталықтарға тұрғын үйден бастап төлемдерді алуға, оқудан өтуге және өзге де мәселелер бойынша 100 мыңнан астам азамат жүгінді», – деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109