1198

Елорда әкімі ШОБ-ты қолдау туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында коронавирус пандемиясы кезінде шағын және орта бизнеске қандай көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Коронавирус пандемиясы шағын және орта бизнестің жұмысына әсер етті. Мемлекет ШОБ-қа жедел және ауқымды қолдау көрсетті. Бұл үшін бірқатар бағдарлама бар: "Бизнестің жол картасы 2025", "Қарапайым заттар экономикасы", "Жұмыспен қамтудың жол картасы", "Жергілікті қамту үлесі", "Еңбек", жеңілдікті қаржыландыру бойынша және т.б.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ШОБ-ты қолдау бағдарламаларының тиімділігін, "Қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы" бағдарламаларының 2022 жылға да ұзартылғанын атап өтті.

Мысалы, "Бизнестің жол картасы-2025" бойынша өткен жылдан бастап пайыздық мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендетілді, сома 7 млрд теңгеге дейін ұлғайды, салалық шектеулер алынып тасталды, шағын бизнеске микрокредит беру бойынша жаңа бағыт енгізілді. Биыл өңдеу өнеркәсібі, медицина, білім беру, құрылыс, көлік және т.б. салаларда 1 мың 100-ден аса жоба субсидияланды.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер палатасы жанында аймақтық жобалық кеңсе жұмыс істейді. Іске асыру сәтінен бастап 55 млрд теңге сомасына 40 жоба қолдау тапты. Осы жылы, мысалы, құрылыс материалдары, медициналық маскалар өндірісі, мектептер, медициналық орталықтар құрылысы және т.б. бағытқа қолдау көрсетілді.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша жүздеген тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін тағы 14 жоба қолдау тапты. Жоғарыда көрсетілген бағдарламалар ШОБ өкілдеріне айтарлықтай қолдау көрсетуге, жобалардың қуатын және отандық өндіріс өнімдерін шығару үлесін ұлғайтуға, жұмыс орындарын құруға және т.б. мүмкіндік береді», – деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109