1935

Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалай жасалады?

Елорданы дамытудағы негізгі міндеттердің бірі нысандарға, қоғамдық орындарға барлық азаматтар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету және кедергісіз орта құру болып саналады. Бұл мәселелер әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді, саябақтарды, скверлерді және т.б. салу кезінде ескеріледі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

Елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметін үйлестіру және арнайы қызметтер бөлімінің бас маманы Арғын Сағымбай Қ.Мұхамедханов көшесінде орналасқан BI City Tokyo тұрғын үй кешінін мысалға келтіре отырып елордада қолжетімді ортаның қалай құрылатынын көрсетті.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтар – бұл тек арбамен жүретін мүгедектер ғана емес. Мұндай топта кез-келген адам болуы мүмкін. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына: тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер (кресло-арбаларды пайдаланатын мүгедектерді қоса алғанда); көру қабілеті бұзылған мүгедектер; есту қабілеті бұзылған мүгедектер; егде жастағы адамдар (60 және одан жоғары жастағы); уақытша еңбекке қабілетсіз; жүкті әйелдер; балалар арбасы бар адамдар; мектеп жасына дейінгі балалар жатады», - деп атап өтті Арғын Сағымбай.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабы 2-тармағының 1-тармақшасында мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамында жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуынсыз тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектілерді пайдалануға беруге жол берілмейді делінген. Жаңа ғимараттар, аулалар, қоғамдық пайдалану орындары мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін құрылыс ережелерінде көрсетілген міндеттер қолданылады.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 632 бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына объектілерді пайдалануға тапсыру кезінде халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде объектінің сәйкестік декларациясына қол қою функциясы бекітілген. Басқарма объектілерді қабылдау алдында оларды паспорттауды жүргізеді. Егер объект Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 793 бұйрығымен бекітілген белгіленген құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келмесе, Декларацияға қол қойылмайды. Бұл шара барлық жаңадан іске қосылған нысандарды бір мезгілде бейімдей отырып, олардың паспортталуына ықпал етеді», - деп хабарлады маман.

Мысал ретінде ол BI City Tokyo тұрғын үй кешенін көрсетті. Мұнда мүгедек жандарға арналған тұрақ орындары бар, аула аумағы осылай жабдықталған: ешқандай жиектемелер, айырмашылықтар жоқ, сыртқы және ішкі сатылар нашар көретін адамдарға ыңғайлы болу үшін бірінші және соңғы сатылардың қарама-қарсы түсіне ие. Сонымен қатар, лифт басқару түймелері Брайль шрифтімен жабдықталған, соқырларға арналған дауыстық ескерту бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109