1397

Көлгінов: Елордаға 7 айда жарты триллион теңгеден астам инвестиция тартылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында екі жыл ішінде инвестиция тарту жөніндегі кеңестердің нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын, 150-ден астам жобаға қолдау көрсетілгенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Инвесторлар үшін елордамыздың тартымдылығы жыл сайын артып келеді. Былтыр пандемияға қарамастан инвестиция көлемін арттыра алдық. Жеке инвестицияларды қала мен тұрғындарға қажет жобалардың құрылысына жұмсаймыз. Мәселен, өткен жылы қалаға рекордтық – 1 триллион теңгеден астам инвестиция тарттық. Ал биылғы 7 айдағы инвестиция көлемі – 504 млрд теңгеден асады, былтырғы кезеңмен салыстырғанда өсім 9%-ды құрайды.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында экономикаға инвестиция тартудың және инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Инвестиция тарту бойынша инвестициялық кеңестер өткізу жүйелік негізге ауыстырылды. Сонымен қатар, Astana Invest инвестиция тарту бойынша өңірлік фронт-офис жұмыс істейді, онда инвесторларды "бір терезе" қағидаты бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінен өту кезінде толық сүйемелдеу жүзеге асырылады. Осы уақыт ішінде 18 мыңнан астам жұмыс орнын құраған 150-ден астам жоба қолдау тапты. Бұл – медицина, білім беру, логистика, сауда, өнеркәсіп, спорт, электр энергиясы және т.б. салалардағы жобалар.

Мысалы, осы жылы бірқатар жекеменшік білім беру мекемесі, құрылыс материалдары, жабдықтар өндірісі және т.б. пайдалануға берілді. "Қарапайым заттар экономикасы" аясында 55 млрд теңге сомасына тағы 40 жоба – мектептер, медициналық орталықтар, перинаталдық алдын алу орталығының құрылысы қолдау тапты.

Сондай-ақ, тартылған инвестициялар есебінен жылына жалпы қуаты 10 мың тонна болатын 3 көтерме-тарату орталығы мен екі жылыжай кешенінің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Құрылысты аяқтау 2022-2023 жылдарға жоспарланған. Сонымен қатар, жылына 5 мың тонна нан-тоқаш шығаратын комбинат салу бойынша инвестициялық жобаны іске асырудамыз. Пайдалануға беру мерзімі осы жылдың соңына жоспарланған.

Сондай-ақ, 6 мың тоннаға дейін көкөніс сақтайтын қойма салу үшін инвесторлар тартылды. Келесі жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Өңірлік инвестициялық кеңес аясында жалпы құны 2,6 млрд теңге болатын өндірістік-тамақ кешенінің құрылысын да қолдадық. Жобаның қуаттылығы: сүт өңдеу зауыты – тәулігіне 100 000 тонна; нан-тоқаш комбинаты – тәулігіне 25 тонна, көкөніс қоймасы – 6000 тонна.

Былтыр сапасына нұқсан келтірмей құрылыс мерзімін қысқартуға, сондай-ақ шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін үй құрылысы комбинаты сияқты ірі жобалар пайдалануға берілді. Үй құрылысы комбинаты жылына 500 мың шаршы метр тұрғын үйді сала алады.

Сондай-ақ, брусчатка, құрғақ құрылыс қоспаларын, құрылыс көтергіш машиналар мен механизмдерді (мұнаралы крандар, қасбеттік лифтілер, жүк көтергіштер), жиһаз корпустары мен ағаштан жасалған бұйымдарды, полиэтилен және полипропилен құбырларын, барлық маркалар мен цементтің бетон қоспасын өндіру, бір реттік медициналық маскалар өндіру және т.б. бойынша жобалар пайдалануға енгізілді.

Осылайша, жеке инвестицияларды қала мен тұрғындарға қажетті жобаларға бағыттаймыз.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109