1706

Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш ашылды

Бүгін елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында даңқты палуан, әлем, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ескерткіш Ж.Үшкемпіров атындағы Jekpe-Jek сарайының алдына орнатылды. Ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Жақсылық Үшкемпіровтің отбасы мен жақындары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, спортшылар қала тұрғындары қатысты.

«Жақсылық ағамыз тірі болғанда биыл 70 жасқа толар еді. Өздеріңіз білесіздер, арнайы жаңадан салынған Жекпе-жек спорт кешеніне Жақсылық ағамыздың есімі берілді. Болашақта өзіміздің жас балуандарымыз, спортшыларымыз, болашақ Олимпиада чемпиондары, ағамыздың ізбасарлары көп болады деген ойдамыз және бұған ешқандай күмәніміз жоқ. Ол ұзақ жылдар бойы ел спортын дамытуға өлшеусіз қызмет етіп, орасан жетістіктер әкелді. Жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиеледі, талай дарындардың бағын ашты, көптеген игі істердің ұйытқысы бола білді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов.

«Жақсылық Үшкемпіров тек қана чемпион емес ол үлкен қоғам қайраткері болды. Жас ұрпақтың рухани мықты, отаншыл болып тәрбиелеуіне көп еңбек сіңірді. Чемпионның мүсіні елордамыздың төріне орнатылып отыр. Қуанышымыз құтты болсын!» – деді мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов.

Бұған қоса аты әлемге әйгілі боксшы, Жақсылық Үшкемпіровтің үзеңгілес жолдасы Серік Қонақбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Сәт Тоқпақбаев естеліктерімен бөлісті.

Жақсылық Үшкемпіров ескерткішінің мүсіні қоладан, тұғыры граниттен жасалған. Биіктігі – 7,5 метр. Авторы – Ербол Зиябеков.

Бүгінде Нұр-Сұлтанда қала тұрғындары үшін тартымды орындарға айналатын жаңа қоғамдық кеңістікті жайластыру жұмысы белсенді жүргізілуде. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай биыл елордада мәдениет пен жалпы елдің дамуына үлкен үлес қосқан белгілі қазақ қайраткерлеріне арналған ескерткіш топтамасы ашылды. Бұған дейін қалада алашордашыларға, Дина Нұрпейісова, Талғат Бигелдинов, Қаныш Сәтпаев, Жұмабек Ташенев сынды тұлғаларға ескерткіштер қойылған болатын. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда күн сайын адам өмірін құтқаратын өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерінің құрметіне монументтер орнатылды. Бұл жұмыс жастарға рухани, патриоттық және мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында жүргізіледі.

Айта кету керек, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ескерткіштің ашылуы маска режимі, әлеуметтік қашықтық секілді санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109